Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы 5 шағын аудан, 30 ғимарат
Ақпарат үшін:
+7 (7292) 521749

Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі

М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония жанынан 1995 жылдың мамыр айында Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі құрылды.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры ҚР Еңбек сіңірген қайраткері ,ҚР Композиторлар одағының мүшесі Рахат Бекболұлы Мадреев.

Украинаның Львов қаласында өткен Қазақстан күндеріне арналған, Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өткен «Каспийді тербеткен достық әні» атты концерттері көрерменнің жоғары ықыласына бөленді.

Жетістіктері:

2013 жылы Атырау қаласында өткен Құрманғазы Сағырбаұлының 190 жылдығы аясында ұйымдастырылған «1000 адамдық оркестр» жобасының және Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Серпер» қазақ ұлт аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысып дипломмен марапатталды.

2013 жылы Қ.Р. Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған салтанатты концертке қатысып ,жоғары шеберлік танытқаны үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

2015 жылы Қазақ Хандығының 550жылдығына арналған Астана,Павлодар қалаларын да «Сарыарқа елдің жүрегі, түбектің сенде тілегі» атты Манғыстау облысының өнер күндерінің гала концертінде өнер көрсетті.

2016 жылы ІV «Серпер» Республикалық қазақ халық аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысқаны үшін Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының дипломымен марапатталды .

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Маңғыстау мәдени күндерінде өнер көрсетті.

Афиша

Новости

Интернет-ресурстарға сілтемелер