Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы 5 шағын аудан, 30 ғимарат
Ақпарат үшін:
+7 (7292) 521749

Кіші симфониялық оркестрі

2006 жылы тамыз айында кіші симфониялық оркестр құрылды.

Көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Республикалық дирижерлар байқауының лауреаты Әділ Бестембеков.

Аз ғана уақыт ішінде оркестр биік профессионалдық деңгейден көрінді. Кіші симфониялық оркестрдің тұсау кесер концертіне ҚР еңбегі сіңірген әртіс, профессор Қанат Ахметов дирижерлық етті.

2010 жылдың сәуір айында ҚР Мемлекеттік академиялық симфония оркестрмен кіші-симфониялық оркестрдің біріккен концерті өткізілді. Оркестрлердің дирижері ҚР Мемлекеттік академиялық симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Ваг Анатольевич Папян.

Кіші симфониялық оркестрімен Қазақтың белгілі опералық әншісі, Қазақстан,Татарстан Республикаларының халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаевамен біріккен концерт өткізілді. Сондай-ақ оркестрдің әншілері ҚР мәдениет қайраткері – Нұрияш Оспанова, халықаралық вокалистер конкурстарының лауреаттары Шаһаризада Сапарова, Қуаныш Жантұрған т.б өнер майталмандары еңбек етуде.

Афиша

Новости

Интернет-ресурстарға сілтемелер