Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының Маңғыстау облыстық филармониясы

1975 жылы сәуір айында құрылған Маңғыстау облыстық филармониясы 2008 жылы 2 қазандағы № 1 320-шы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы негізінде күйші Мұрат Өскінбаевтың аты берілді.

Бүгінде өлкен өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан өнер ордасында 5 кәсіби ұжым яғни:

Абыл Тарақұлы атындағыи ұлт-аспаптар оркестрі;
«Ақжарма» ансамблі;
Кіші симфониялық оркестр;
Камералық ансамль
Би тобы қызмет етеді.
Негізгі мақсаты: жастарға эстетикалық тәрбие беру, дәстүрлі музыканы насихаттау, өлкенің классикалық саз өнерінің рухани қажеттіліктерін өтеу.