«Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр»атты республикалық жыршылар байқауының бас жүлдегері атанды

Әріптесіміз Оспан Құлсымақ Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 160 жылдығына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр»атты республикалық жыршылар байқауының бас жүлдегері атанды.
Сонымен қоса, байқау жеңімпазына қойылған басты сыйлық - Мұрын жыраудың домбырасын иеленді.
Жарыста сайдың тасындай кіл мықтылар бақ сынады. Қатысушылар Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облысы мен Нұр-сұлтан, Алматы қаласынан келген.
Ал, үміткерлердің өнерін жыршы-термеші Елдос Еміл, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жеткізген Сейітов, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Амандық Көмекұлы бағалады. 

Жарияланған күні: 0




Бекбол Базарбаев бастаған филармония ұжымы

18 мамыр 2019

Бекбол Базарбаев бастаған филармония ұжымы Шетпе кентінен 30 шақырым қашықтықтағы Бекі елді мекенінің жанында орналасқан Қараман ата жерасты мешітіне келіп, зиярат етіп, мал сойып, ауызашар берді. 
Бұл жерден рухани азық алып, мешіттің тарихымен танысқан жастар ерекше әсер алып қайтты.

 

 

Кезекті концерт

17 мамыр 2019

Филармония өнерпаздары бүгін дарынды балаларға арналған Маңғыстау облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейіне концерттік бағдарламасымен барды.

Концерттің мақсаты: қазақтың ұлттық аспаптарын жаңғыртып, оларды насихаттау. 

 

Дәстүрлі әншілердің концерті

16 мамыр 2019

Мұнайлы аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған "Туған дала төсінде ән боп туған мен балаң" атты дәстүрлі әншілердің концерті өтті. 

Алдағы уақытта филармония ұжымы осы

 

Филармониясының нәзік жанды аруларының ерлерге сыйы

7 мамыр 2019

7-мамыр отан қорғаушылар күніне орай, М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының нәзік жанды арулары ұжымның ер азаматтарының құрметіне арнап мейрамханаға ақ дастархан жайып, мерекелік кеш ұймдастырды. Бір қызығы, бұл кеште арулар өздері ән айтып, өздері асаба болып, сыйлық тарту етіп, ерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады.  

 

Еңбек ұжымдарының мерекелік шеруі

1 мамыр 2019

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі еңбек ұжымдарының мерекелік шеруімен басталды. Теңіз жағалауында өткен шеруге 33 ұжым, 5000-нан астам адам қатысты. М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұжымы шеруге ұлттық нақыштағы киіммен келіп, өз үлестерін қосты.

Мереке құтты болсын!

 

Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» атты III-ші республикалық дирижерлар байқауының жеңімпаздары анықталды

29 сәуір 2019

Маңғыстаудың  тұңғыш  кәсіби  дирижеры  Боздақ  Рзаханов  атындағы «Сиқырлы таяқша» атты III-ші республикалық  дирижерлар  байқауының  жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың алғыс хатымен  Мақсұт Әділбек (Алматы қаласы), Абылхайыр Сағынбаев (Алматы қаласы), Нұрберген Шаяхметов (Нұр-Сұлтан қаласы) және Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі марапатталды.

Дипломант атағы  Медет Есбергенов(Алматы облысы) және  Жақсылық Нұрқоджаевқа бұйырды (Ақтау қаласы).

III-орынға Руслан

 

Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» атты III-ші республикалық дирижерлар байқауының ашылу салтанаты

24 сәуір 2019

Бүгін М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы залында Маңғыстаудың тұңғыш кәсіби дирижеры Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» атты III-ші республикалық дирижерлар байқауының ашылу салтанаты өтті.

Боздақ Рзаханов атындағы бұл байқау Маңғыстау облысы әкімшілігінің бастамасымен және мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Байқауды өткізудегі басты мақсат – жас дирижерлардың өнерін шыңдау және дарынды жастарды анықтау.

Еліміздің

 

Тұрсынгүл Меңдіғалиеваның "Вечер флейтовой музыки" атты жеке концерті өтті

20 сәуір 2019

Бүгін М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония залында  республикалық конкурстардың лауреаты Тұрсынгүл Меңдіғалиеваның "Вечер флейтовой музыки" атты жеке концерті өтті.

Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен концертке 200ге жуық халық  жиналды.

Концертте Әміре Рысбаев пен  Нэйля Арзымбетова жеке өнер көрсетті.

КөрермендерТұрсынгүл Меңдіғалиева мен  кеште дирижерлік еткен Әділ Бестембековке ерекше ықылас пен құрмет

 

Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған концерт

25 наурыз 2019

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтетін қазақ поэзиясының заңғар шыңы, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қыз ғұмыр» атты әдеби-сазды кешіне шақырамыз.

 

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы

20 наурыз 2019

Бүгін эпостық жырларды, ертегі, қисса-дастанды дәріптеу, сонымен қатар фольклорлы музыка күні. Осы атаулы күн қарсаңында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұжымы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті. Аталмыш іс-шара ұлттық нақышта безендірілген филармония ғимаратында болды. 
Меркелік іс-шарада МО Мәдениет басқармасы, МО әмбебап кітапханасы, МО тарихи-өлкетану музейі, Н.

 

Қаражанбас кен орнында өткен концерт

19 наурыз 2019

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай, кеше Қаражанбас кен орнындағы мәдени-демалыс орталығында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өнерпаздарының қатысуымен Елена Әбдіхалықованың концерті өтті.

 

Симфониялық оркестрдің кезекті концерті

17 наурыз 2019

16 наурыз күні М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының симфониялық оркестрі кезекті концертімен көрермендерді қуантты .Бұл концертті көптен күткен халық музыканы ыждағаттықпен тыңдай білгені соншалық, концерт аяқтала салысымен ұзақ уақыт шапалақ соғып, өнепаздарға ыстық ықылыстарын білдірді. 
Кеште орындалған П.И.Чайковский, Н.Римский және де Л.Бетховен

 

Филармония қызметкерлері сенбілік жүргізуді бастады

16 наурыз 2019

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы "Облыс елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту іс-шараларын өткізу туралы" қаулысының негізінде, 2019 жылдың 15 наурызы мен 30 сәуірі аралығында облыс елді-мекендерінің аумақтарына сенбілік жүргізуді жоспарлаған болатын. Аталмыш іс-шараға байланысты, М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері

 

Маңғыстаулық өнерпаздар қала тұрғындарына әннен шашу шашты

15 наурыз 2019

Амал мерекесіне орай, 14 наурыз күні амфитеатр сахнасында Маңғыстаулық өнерпаздар қала тұрғындарына әннен шашу шашты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан концерт көруге келген адам саны аз болмады. Жиналған жұрт бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре боп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Мұның өзі мерекелік концертке ерекше бір мағына қосқандай болды.

 

Филармониясы ұжымы "Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніне концерттік бағдарламамен барды

14 наурыз 2019

13 наурыз күні Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы ұжымы "Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніне концерттік бағдарламамен барды.

Концертте Мәдениет саласының үздіктері Ақмарал Ерімбетова, Жеткізген Сейітов, Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпазы Әзімхан

 

Ұлы дала көші

13 наурыз 2019

Бүгін Ұлы дала көші «Маңғыстау арена» спорт мектебінен жолға шықты. Көш Ақшұқыр ауылына жетіп, ереулік берілді. Көшке құрмет көрсетіп, Отпан тауға шығарып салынады. Ұлы дала көшіне атқа мінген 100-ге жуық адам қатысуда. Олардың қатарында М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері де бар. 

 

Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт

1 наурыз 2019

Бүгін М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы әскери саладағы қызметкерлерге Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертін тарту етті. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ер-азаматтар да көрермен қатарынан орын алды. Әскери қызметкерлер Дана Құлманованың орындауындағы «Қазақ жігіттері» әніне қосыла ән шырқап, мерекелік шараның көркін аша түсті.
Концертте Дана Құлманова, Гүлнара Жолдасбаева, Марат

 

Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл

28 ақпан 2019

28 ақпан күні Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан мен КСРО халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл толуына арналған Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің «Қазақ увертюрасы» атты концерті өтті. 
Сыдық Мұхамеджановтың шығармалары мен әндері орындалған концертте ҚР Мәдениет қайраткерлері Жоламан Көшкінов, Нұрияш Оспанова, Мәдениет саласының

 

«Туған дала төсінде ән боп туған мен балаң» атты кеш

21 ақпан 2019

Кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Туған дала төсінде ән боп туған мен балаң» атты кеш 21 ақпан күні Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде жалғасты.
Ән мен күйден шашу шашылған кеш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласы аясында, М.Өскінбаев атындағы

 

Әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл

20 ақпан 2019

 20 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласы аясында, Кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Туған дала төсінде ән боп туған мен балаң» атты кеш Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрында өтті.

 

«Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының концерті

31 қаңтар 2019

31 қаңтар күні М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония залында «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының концерті өтті. Мәдениет саласының үздігі Айдарбек Оңайбаев пен халықаралық байқаулардың жеңімпазы Айнұр Сариева жетекшілік ететін қос ұжымның  өнері көрермен  жүрегінен ерекше орын алды.

Ұлттық өнеріміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың төл музыкаларын насихаттап жүрген«Ақжарма» фольклорлық

 

Эстрада-симфониялық оркестрінің концерті

24 қаңтар 2019

24 қаңтар күні Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония залында эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтті. Бұл кешке жиналған халықтың көптігі сонша, түрегеп тұрып концерт қараған адам саны көп . Әрбірінің жүзінде қуаныш, көңілдері көтеріңкі. Өнерді әрқашан биік бағалайтын көрермендер кей сәтте әндердің  қайырмасын  әншілермен бірге шырқап, кей сетте музыка ырғағына қосылып, билеп те алды. 70-90 жылдардың танымал әндері мен  заманауи туындыларын оркестрдің

 

Камералық ансамблдің "Қысқы фантазия" атты кезекті концерті

19 қаңтар 2019

19 қаңтар күні М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының камералық ансамблі "Қысқы фантазия" атты кезекті концертін өткізді.  Кеште қазақстандық және шетел композиторларының жаңа шығармалары, сондай-ақ әлемдік классика музыкалары мен вокалдық туындылары орындалды. Концертте Нұрияш Оспанова, Сауре Ыбыраева, Нұргүл Рзаханова, Әділ Бестембеков, Рахымжан Сабырханұлы, Мадина Мамбетқалиева, Мөлдір Жайлыбаева, Бауыржан Есқалиев сынды белгілі орындаушылар өнер көрсетті.

 

Филармонияның бірнеше қызметкері мемлекеттік марапат иеленді

28 желтоқсан 2018

27 желтоқсан күні «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешенінің кіші залында Маңғыстау облысының мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау салтанаты өтті. Әсем әнмен басталған әдемі кеш марапаттау салтанатымен жалғасты. Жаңа жыл қарсаңында табысталған мемлекеттік марапаттан Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері де кенде қалмады. 

Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі,