Мұрат Өскінбайұлы атындағы конкурстың ашылу салтанаты өтті

Бүгін Маңғыстау күйінің атасы атанған кәсіби домбырашы, дәулескер күйші, жыршы, халық Мұрат Өскінбайұлы атындағы I халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының ашылу салтанаты өтті.
Қатысушылар "Домбыра", "Домбыра-прима", "Домбыра-альт", "Шертер", "Қобыз", "Ғиджақ" номинациялары бойынша өнер сайыстырады.
Халықаралық конкурсқа Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және республикамыздың барлық өңірлерінен 46 үміткер қатысуда. 

Жарияланған күні: 21 қараша 2018




Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған концерт

25 наурыз 2019

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтетін қазақ поэзиясының заңғар шыңы, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қыз ғұмыр» атты әдеби-сазды кешіне шақырамыз.

 

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы

20 наурыз 2019

Бүгін эпостық жырларды, ертегі, қисса-дастанды дәріптеу, сонымен қатар фольклорлы музыка күні. Осы атаулы күн қарсаңында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұжымы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті. Аталмыш іс-шара ұлттық нақышта безендірілген филармония ғимаратында болды. 
Меркелік іс-шарада МО Мәдениет басқармасы, МО әмбебап кітапханасы, МО тарихи-өлкетану музейі, Н.

 

Қаражанбас кен орнында өткен концерт

19 наурыз 2019

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай, кеше Қаражанбас кен орнындағы мәдени-демалыс орталығында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өнерпаздарының қатысуымен Елена Әбдіхалықованың концерті өтті.

 

Симфониялық оркестрдің кезекті концерті

17 наурыз 2019

16 наурыз күні М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының симфониялық оркестрі кезекті концертімен көрермендерді қуантты .Бұл концертті көптен күткен халық музыканы ыждағаттықпен тыңдай білгені соншалық, концерт аяқтала салысымен ұзақ уақыт шапалақ соғып, өнепаздарға ыстық ықылыстарын білдірді. 
Кеште орындалған П.И.Чайковский, Н.Римский және де Л.Бетховен

 

Филармония қызметкерлері сенбілік жүргізуді бастады

16 наурыз 2019

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы "Облыс елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту іс-шараларын өткізу туралы" қаулысының негізінде, 2019 жылдың 15 наурызы мен 30 сәуірі аралығында облыс елді-мекендерінің аумақтарына сенбілік жүргізуді жоспарлаған болатын. Аталмыш іс-шараға байланысты, М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері

 

Маңғыстаулық өнерпаздар қала тұрғындарына әннен шашу шашты

15 наурыз 2019

Амал мерекесіне орай, 14 наурыз күні амфитеатр сахнасында Маңғыстаулық өнерпаздар қала тұрғындарына әннен шашу шашты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан концерт көруге келген адам саны аз болмады. Жиналған жұрт бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре боп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Мұның өзі мерекелік концертке ерекше бір мағына қосқандай болды.

 

Филармониясы ұжымы "Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніне концерттік бағдарламамен барды

14 наурыз 2019

13 наурыз күні Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы ұжымы "Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніне концерттік бағдарламамен барды.

Концертте Мәдениет саласының үздіктері Ақмарал Ерімбетова, Жеткізген Сейітов, Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпазы Әзімхан

 

Ұлы дала көші

13 наурыз 2019

Бүгін Ұлы дала көші «Маңғыстау арена» спорт мектебінен жолға шықты. Көш Ақшұқыр ауылына жетіп, ереулік берілді. Көшке құрмет көрсетіп, Отпан тауға шығарып салынады. Ұлы дала көшіне атқа мінген 100-ге жуық адам қатысуда. Олардың қатарында М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері де бар. 

 

Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт

1 наурыз 2019

Бүгін М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы әскери саладағы қызметкерлерге Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертін тарту етті. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ер-азаматтар да көрермен қатарынан орын алды. Әскери қызметкерлер Дана Құлманованың орындауындағы «Қазақ жігіттері» әніне қосыла ән шырқап, мерекелік шараның көркін аша түсті.
Концертте Дана Құлманова, Гүлнара Жолдасбаева, Марат

 

Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл

28 ақпан 2019

28 ақпан күні Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан мен КСРО халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл толуына арналған Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің «Қазақ увертюрасы» атты концерті өтті. 
Сыдық Мұхамеджановтың шығармалары мен әндері орындалған концертте ҚР Мәдениет қайраткерлері Жоламан Көшкінов, Нұрияш Оспанова, Мәдениет саласының

 

«Туған дала төсінде ән боп туған мен балаң» атты кеш

21 ақпан 2019

Кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Туған дала төсінде ән боп туған мен балаң» атты кеш 21 ақпан күні Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде жалғасты.
Ән мен күйден шашу шашылған кеш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласы аясында, М.Өскінбаев атындағы

 

Әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл

20 ақпан 2019

 20 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласы аясында, Кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Туған дала төсінде ән боп туған мен балаң» атты кеш Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрында өтті.

 

«Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының концерті

31 қаңтар 2019

31 қаңтар күні М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония залында «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының концерті өтті. Мәдениет саласының үздігі Айдарбек Оңайбаев пен халықаралық байқаулардың жеңімпазы Айнұр Сариева жетекшілік ететін қос ұжымның  өнері көрермен  жүрегінен ерекше орын алды.

Ұлттық өнеріміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың төл музыкаларын насихаттап жүрген«Ақжарма» фольклорлық

 

Эстрада-симфониялық оркестрінің концерті

24 қаңтар 2019

24 қаңтар күні Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония залында эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтті. Бұл кешке жиналған халықтың көптігі сонша, түрегеп тұрып концерт қараған адам саны көп . Әрбірінің жүзінде қуаныш, көңілдері көтеріңкі. Өнерді әрқашан биік бағалайтын көрермендер кей сәтте әндердің  қайырмасын  әншілермен бірге шырқап, кей сетте музыка ырғағына қосылып, билеп те алды. 70-90 жылдардың танымал әндері мен  заманауи туындыларын оркестрдің

 

Камералық ансамблдің "Қысқы фантазия" атты кезекті концерті

19 қаңтар 2019

19 қаңтар күні М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының камералық ансамблі "Қысқы фантазия" атты кезекті концертін өткізді.  Кеште қазақстандық және шетел композиторларының жаңа шығармалары, сондай-ақ әлемдік классика музыкалары мен вокалдық туындылары орындалды. Концертте Нұрияш Оспанова, Сауре Ыбыраева, Нұргүл Рзаханова, Әділ Бестембеков, Рахымжан Сабырханұлы, Мадина Мамбетқалиева, Мөлдір Жайлыбаева, Бауыржан Есқалиев сынды белгілі орындаушылар өнер көрсетті.

 

Филармонияның бірнеше қызметкері мемлекеттік марапат иеленді

28 желтоқсан 2018

27 желтоқсан күні «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешенінің кіші залында Маңғыстау облысының мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау салтанаты өтті. Әсем әнмен басталған әдемі кеш марапаттау салтанатымен жалғасты. Жаңа жыл қарсаңында табысталған мемлекеттік марапаттан Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері де кенде қалмады. 

Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі,

 

Кіші симфониялық оркестрі мен балалар саз мектебі оқушылары біріккен концерт

24 желтоқсан 2018

23 желтоқсан күні Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы залында кіші симфониялық оркестрі мен балалар саз мектебі оқушылары біріккен концерт өтті.Концерттің мақсаты – балалардың өнер-білімге, музыкаға қызығушылығын арттыру. Ашылуынан-ақ қызықты басталған концерт көрермендерді бірден баурап әкетті. Әділ Бестембеков дирижерлік еткен концерттік бағдарламада Айжан Турусбаева, Айман Алданиязова, Ольга Яковлева, Александра Кузнецова, Нэйла Арзымбетова секілді

 

Филармония қызметкерлері марапатталды

16 желтоқсан 2018

Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерейтойы қарсаңында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қос бірдей қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды.

Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің  көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рахат Мадреевке 15 желтоқсан күні мерекелік жиында салтанатты түрде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоқжанов «Құрмет» орденін табыстады. Сонымен қатар, «Мен қазақпын» телевизиялық

 

Сайын Шапағатов ауылындағы концерттік бағдарлама

13 желтоқсан 2018

Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерейтойы қарсаңында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония әртістері бүгін Сайын Шапағатов ауылына концерттік бағдарламамен барды. Мерекелік концерт ауылдың мектеп гимназиясында өтті.

Сахнаның шымылдығы дәстүрлі әнмен ашылып, одан әрі күймен және эстрадалық бағыттағы әндермен жалғасты.  Концертте Әзімхан Баймағамбетов, Жігер Бектұрғанов, Бақытжан Қожаев,  Дана Құлманова,  Гүлфайруз Баспаева,

 

Оспан Құлсымақтың «Сен қазақсың» атты шығармашылық кеші өтті.

6 желтоқсан 2018

Бүгін «Мен қазақпын» мега-жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы Оспан Құлсымақтың «Сен қазақсың» атты шығармашылық кеші өтті.

Кештің мақсаты – Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында жыраулық поэзияда өзіндік орны бар халық ақындары мен жыршы-жыраулардың шығармашылық жолын насихаттау.

 

Қазақстанның Түркіменстандағы мәдени күндері

30 қараша 2018

29-30 қараша күндері Маңғыстаулық 146 өнерпаз Қазақстанның Түркіменстандағы мәдени күндеріне қатысты. Бұл шара Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. 29 қараша күні Ашхабад қаласындағы «Ватан» киноконцерт орталығында ҚР мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтіп, көрерменнің назарына дәстүрлі ән-жырмен қатар, эстрадалық жанрдағы репертуарлар ұсынылды. Мәдени шарада Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, «Ақжарма» фольклорлық ансамблі, «Жорға» халықтық би

 

Теңге ауылында «Дәстүрлі ән-күй кеші» атты концерттік бағдарлама өтті

22 қараша 2018

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әртістері кеше Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылына «Дәстүрлі ән-күй кеші» атты концерттік бағдарламасымен барды. Теңге ауылының мәдениет үйі залын толтырған көрермендер дәстүрлі ән-күйден рухани азық алып, өнерпаздарға ыстық ықыласын білдірді. Концертте Батыс Қазақстан, Арқа өңірі, Сыр бойы, Жетісу және де Маңғыстау ән-жыр мектептерінің әндері шырқалды.

 

Мұрат Өскінбайұлы атындағы конкурстың ашылу салтанаты өтті

21 қараша 2018

Бүгін Маңғыстау күйінің атасы атанған кәсіби домбырашы, дәулескер күйші, жыршы, халық Мұрат Өскінбайұлы атындағы I халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының ашылу салтанаты өтті.
Қатысушылар "Домбыра", "Домбыра-прима", "Домбыра-альт", "Шертер", "Қобыз", "Ғиджақ" номинациялары бойынша өнер сайыстырады.
Халықаралық конкурсқа Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және республикамыздың барлық өңірлерінен 46 үміткер қатысуда. 

 

Симфониялық оркестрдің концерті

16 қараша 2018

16 қарашада Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония залында өткен симфониялық оркестрдің  кезекті концерті дүйім жұрттың көңілінен шықты. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Республикалық дирижерлар байқауының жүлдегері Әділ Бестембеков дирижерлік еткен концертке 300 ге жуық көрермен жиналды.

Кеште Астанадан  келген ішекті-аспаптар оркестрі филармонияның симфониялық оркестрімен  біріге өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына