Жаңалықтар мен оқиғалар

Қазақтың халық әні! Қазынамсың!

26 сәуір 2020

Қазақтың халық әні!

Қазынамсың!

Адамзат қазынаңнан азық алсын.

Үйреткен

Даналыққа, адалдыққа

Сен деген —

Жігерлі де нәзік әнсің!

Республикалық байқаулардың лауреаты Әйгерім Құлжарасованың орындауында Халық әні "Балапан қаз".

 

 

Еліміздегі індетпен арпалысып алғы шепте жүрген дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне

25 сәуір 2020

Еліміздегі індетпен арпалысып алғы шепте жүрген дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз. Өздеріңіздің құрметіңізге арналған жүрекжарды әнімізді  "Мен қазақпын" мега жобасының Бас жүлдегері Оспан Құлсымақтың орындауында қабыл алыңыздар!!!

 

 

Екпін Толқынханның орындауында "Молдабайдың әні"

24 сәуір 2020

Құрметті көрермендер, кеш көңілді болсын деген ниетпен жолдаған әнімізді қабыл алыңыздар. Филармония әртісі, Республикалық байқаулардың лауреаты Екпін Толқынханның орындауында "Молдабайдың әні"

 

 

"Қимай сені барамын" Әні: Т. Мұхамеджанов

23 сәуір 2020

"Қимай сені барамын"

Әні: Т. Мұхамеджанов

Сөзі: Ш. Сариев

Филармониямыздың аруы Нұржанат Бисебаеваның орындауында

 

 

"Ұнатамын мен сені"

21 сәуір 2020

"Ұнатамын мен сені"

ҚР Мәдениет саласының үздігі, филармония әншісі Асанәлі Көшеровтың жанды дауыста орындаған әні

 

 

Көбі кетіп, азы қалды. Шыдамды болайық! Сабырлы болайық, ағайын!

19 сәуір 2020

Көбі кетіп, азы қалды. Шыдамды болайық! Сабырлы болайық, ағайын!

Келесі тарту ететін әніміз Халық әні "Сәулемсің".

Республикалық байқаулардың лауреаты, филармония әншісі Кәмшат Ізтлеуованың орындауында.

 

 

Ғарифолла Құрманғалиев "Сәлем, Қазақстан!"

18 сәуір 2020

Ғарифолла Құрманғалиев

"Сәлем, Қазақстан!"

ҚР Мәдениет саласының үздігі Асанәлі Көшеровтың Ақжарма фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен шырқаған әні.

Әсем ән қазақ халқын шабыттандырып, көңілді қуанышқа толтырсын!

 

 

Құрманғазы Сағырбайұлының күйі "Адай"

17 сәуір 2020

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің орындауында Құрманғазы Сағырбайұлының күйі "Адай"

Үйде болайық!

 

 

Ғарифолла Құрманғалиев "Сәлем, Қазақстан!"

15 сәуір 2020

Ғарифолла Құрманғалиев

"Сәлем, Қазақстан!"

Филармония әншісі, республикалық байқаулардың лауреаты Айнұр Омарованың орындауында

 

 

Ақтан Керейұлы "Қалағандарың сөз болса"

14 сәуір 2020

Ақтан Керейұлы "Қалағандарың сөз болса"

"Мен қазақпын" мега-жобасының бас жүлдегері, филармония әншісі Оспан Құлсымақтың орындауында

 

 

Paul Desmond "Take five"

13 сәуір 2020

Paul Desmond "Take five"

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртіс-аспапшылары, республикалық байқаулардың лауреаттары, ерлі-зайыпты Ғани Қолғанатов пен Жанна Қоңырбаеваның орындауында

 

 

Құрметті ағайын! Бұл кезеңнің де өтпелі екенін ескерген жөн

12 сәуір 2020

Құрметті ағайын!

Бұл кезеңнің де өтпелі екенін ескерген жөн. Сондықтан, жағымсыз жаңалықтарды жүрекке жақын қабылдамай, ақпарат ағынын барынша азайтуға кеңес береміз. Оның есесіне жағымды ән тыңдай отырыңыздар! Өмірлеріңіз сәнге, жүректеріңіз әнге толсын!

Филармония әншісі Фариза Ретбайқызының орындауында Әсет Бейсеуовтың "Алтыным"  әні.

 

 

Гран При иегері Еркебұлан Соңғыбаев

11 сәуір 2020

"Жекпе-жек"

Өнертану ғылымдарының магистрі, Құрманғазы, Мұрат Өскінбаев және Ұзақ Мырзабайұлы атындағы республикалық күйшілер сайысының Гран При иегері

Еркебұлан Соңғыбаев.

 

 

Әзімхан Адайдың өз шаңырағында өмірлік

11 сәуір 2020

Филармония әншісі, республикалық байқаулардың лауреаты Әзімхан Адайдың өз шаңырағында өмірлік серігімен бірге шырқаған әсем әнін бағалап, пікір қалдырыңыз

Әр шаңырақтан шаттық үзілмесін!

 

 

Есті ән ұйқтап жатқан жүректі оятып, жүрек қылын тербеп, адамға жақсы ой салады

10 сәуір 2020

Есті ән ұйқтап жатқан жүректі оятып, жүрек қылын тербеп, адамға жақсы ой салады. Адамды қанаттандырады. Жүректі ізгілікке, адалдыққа баулиды.

Ендеше филармония әншісі, республикалық байқаулардың лауреаты, "Жас тұлпар - 2019" премиясының жүлдегері Серіжан Масжановтан есті ән тыңдай отырыңыздар!

 

 

Кезекті әніміз барша аналардың құрметіне арналады

10 сәуір 2020

Кезекті әніміз барша аналардың құрметіне арналады. Филармониямыздың талантты әншісі Екпін Толқынханның авторлық әнін қабыл алыңыздар!

"Анашым" әні

Сөзі: А.Шамшадинова

Сазы: Е.Толқынхан

Орындаған: Е.Толқынхан

 

 

2014 жылы "Көлсай көлдері"

9 сәуір 2020

2014 жылы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде түсірілген филармониямыздағы кіші симфониялық оркестрінің әртісі Айжан Тұрысбаеваның "Бозайғыр" атты бейнебаяны.

 

 

"МЕН ҚАЗАҚПЫН" мега-жобасының бас жүлдегері, филармония әншісі Оспан Құлсымақ

9 сәуір 2020

Карантин кезінде үйде отырғанда әртістеріміз сіздер үшін өз өнерлерін ортаға салуда. Ендеше қабыл алыңыздар!

"МЕН ҚАЗАҚПЫН" мега-жобасының бас жүлдегері, филармония әншісі Оспан Құлсымақ.

 

 

Сабыр Адай "Маңғыстау"

8 сәуір 2020

Сабыр Адай "Маңғыстау"

Оқығандар: Маңғыстау облыстық филармониясының концерт жүргізушілері Беркін Санатов, Мұханбет Қазанғап, Қаршыға Әзірбай және Джанина Джаугаштиева.

Видеоәрлеуші: Пакизат Дәуренқызы

 

 

Ғани Қолғанатов пен Салтанат Оңайбайдың орындауында Мұраттың "Төкпе" күйі

7 сәуір 2020

Республикалық байқаулардың лауреаты, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртістері Ғани Қолғанатов пен Салтанат Оңайбайдың орындауында Мұраттың "Төкпе" күйі.

 

 

Кіші симфониялық оркестрінің әртісі Диляра Авазбаеваның өнерін бағалап, пікір қалдырыңыз

7 сәуір 2020

Кіші симфониялық оркестрінің әртісі Диляра Авазбаеваның өнерін бағалап, пікір қалдырыңыз

 

 

Қожантай Қойбастың әні "Қиқым көл"

7 сәуір 2020

Қожантай Қойбастың әні "Қиқым көл"

Халық әні "Ақжамал"

Орындаған:  Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Еримбетова.

 

 

Шәмші Қалдаяқов "Қайықта"

6 сәуір 2020

Шәмші Қалдаяқов "Қайықта"

Филормониямыздың жезтаңдай бұлбұл көмей әншісі, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты  Қосымқызы Ақмарал

 

 

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртісі, республикалық

5 сәуір 2020

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртісі, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Сәния Асанова.