Жаңалықтар мен оқиғалар

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртістері, ерлі-зайыпты Ғани Қолғанатов

4 сәуір 2020

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртістері, ерлі-зайыпты Ғани Қолғанатов, Жанна Қоңырбаева.

 

 

Филармониямыздың симфониялық оркестрінің аспапшысы Иван Яковлев

4 сәуір 2020

Филармониямыздың симфониялық оркестрінің аспапшысы Иван Яковлев.

 

 

Данияр Сағынғалиұлының орындауында Абылдың күйі - "Абыл"

3 сәуір 2020

Филармония директорының орынбасары, Республикалық байқаулардың лауреаты, күйші Данияр Сағынғалиұлының орындауында Абылдың күйі - "Абыл".

 

 

Ән тыңдап, рахатқа бөленіңіз!

3 сәуір 2020

Ән тыңдап, рахатқа бөленіңіз!

Республикалық байқаулардың лауреаты Екпін Толқынханның орындауындағы әндерді бағалап, пікір қалдырыңыз

 

 

Сізге керемет көңіл-күй сыйлайтын әнімзді қабыл алыңыздар!

2 сәуір 2020

Сізге керемет көңіл-күй сыйлайтын әнімзді қабыл алыңыздар! Филармония әртістері Кәмшат Ізтлеуова, Хамит Байкулов және Марат Сафаров. Гитара мен баянның үнін үндестіріп шырқалған керемет ән "Көзіңнің мөлдірін-ай"

 

 

Тұманбай Молдағалиев "Ауылым"

2 сәуір 2020

Тұманбай Молдағалиев "Ауылым"

Бұл жай ғана видео емес. Бұл еліміздегі болып жатқан ақуалға байланысты халықты сабырлыққа, ұйымшылдыққа, үйде отырып елімізге өз пайдасын тигізсін деген мақсатпен #БізБіргеміз  акциясы.

Маңғыстау әнші-жыршыларының кезекті туындысын қабыл алыңыздар!

 

 

Республикалық байқаулардың лауреаты Әйгерім Құлжарасованың орындауында

1 сәуір 2020

Республикалық байқаулардың лауреаты Әйгерім Құлжарасованың орындауында

Наурызбек жыраудың термесі.

 

 

Бірлігі мықты ел-індетті бірге жеңеді!

1 сәуір 2020

Бірлігі мықты ел-індетті бірге жеңеді!

Филармония әншілері және тағы да басқа маңғыстаулық өнерпаздар  халыққа қолдау көрсету мақсатында ән айтып, қандай қиыншылық болса да бірге екендігін білдірді.

 

 

Өнертану ғылымдарының магистрі, Құрманғазы, Мұрат Өскінбаев және Ұзақ Мырзабайұлы

31 наурыз 2020

Өнертану ғылымдарының магистрі, Құрманғазы, Мұрат Өскінбаев және Ұзақ Мырзабайұлы атындағы республикалық күйшілер сайысының Гран При иегері

Еркебұлан Соңғыбаевтың орындауындағы күйлерді тыңдап, бағасын беріңіз, пікір қалдырыңыз

 

 

Түркеш "Көңілашар"

30 наурыз 2020

Түркеш "Көңілашар"

Филармония директоры Бекбол Базарбаев баршаңызды үйде отыруға шақырады. Үйде отырыңыздар, үйде құр отырмай күй тыңдай отырыңыздар.

 

 

Сабырлы болыңыздар, үйде болыңыздар, ағайын!!!

29 наурыз 2020

Сабырлы болыңыздар, үйде болыңыздар, ағайын!!!

Филармония әншісі, Мәдениет саласының үздігі Аскар Кушеровтың орындауындағы керемет әнді үйде отырып, отбасыңызбен бірге тамашалауға шақырамыз.

 

 

«Жеті қайқы» Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы

29 наурыз 2020

«Жеті қайқы» Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының бас жүлдегері Сабит Шектібаевтың ән шашуын қабыл алыңыздар!

Өнерін бағалап, пікір қалдырыңыз

 

 

29 сәуір мен 3 мамыр аралығында Youtube, Instagram және Facebook

28 наурыз 2020

29 сәуір мен 3 мамыр аралығында Youtube, Instagram  және Facebook  әлеуметтік желілерінде өтетін концерттерімізді өткізіп алмаңыздар.

 

 

Қазіргі таңда елімізде вирус жұқтырғандар саны 204-ке жетті

28 наурыз 2020

Қазіргі таңда елімізде вирус жұқтырғандар саны 204-ке жетті. Әрине бұл аз емес, десек те сабырлылық танытып, бір-бірімізге демеу болып, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей бір болсақ бұл қиындықты да жеңіп шығармыз.

Ақпараттарға сүйенсек жазылып шыққандар саны 15 екен. Бұның өзі үлкен жетістік

 

 

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры

27 наурыз 2020

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, Құрмет орденінің иегері Роза Айдарбаеваның орындауындағы күйді қабыл алыңыздар.

 

 

"Шалқымалы"

26 наурыз 2020

Мәдениет саласының үздіктері Асқар және Асанәлі Көшеровтердің қазақтың қара домбырасы мен гитараны үндестіріп шырқаған туындысын қабыл алыңыздар!

Баршаңызға қайырлы күн, күндеріңіз сәтті өтсін.

 

 

Халық әні "Ақ сұңқар"

25 наурыз 2020

Филариония әншісі, Республикалық дәстүрлі әншілер байқауларының жүлдегері Әйгерім Құлжарасованың орындауында

Халық әні "Ақ сұңқар".

 

 

Филармониямыздың жас таланты Жұпар Садақбаеваның орындауында "Жан досыма" әні

24 наурыз 2020

Филармониямыздың жас таланты Жұпар Садақбаеваның орындауында "Жан досыма" әні.

Әсем ән жүректеріңізге жылулық сыйласын!

 

 

Филармонияның талантты әншісі Асанәлі Көшеровтың әнін қабыл алыңыздар

23 наурыз 2020

Филармонияның талантты әншісі Асанәлі Көшеровтың әнін қабыл алыңыздар.

"Білмейсің ғой"

Орындаған: Асанали Кушеров

Әні мен сөзі: Көмек Ыбраев

 

 

Қадірменді қазақ елі, бүгінгі келіп жеткен Әз-Наурыз Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

22 наурыз 2020

Қадірменді қазақ елі, бүгінгі келіп жеткен Әз-Наурыз Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Күн мен түн теңелетін дәл осы 22 наурыз - барша түркі тілдес мемлекеттер үшін Жаңа жыл болып есептеледі. Дәл осы күннен бастап ерекше жаңғырулар мен айтулы оқиғалар орын алған. Төрт түлік малдың төлдеуінен бастап, барша адамзаттың бір жылдағы өкпе-реніш, қиыншылықты артқа тастап жаңа өмірге қадам басуы... Ендеше, Жаңа жыл құтты болсын, ардақты ағайын! Шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ

 

Бұл әнді көпшілік қауым білетін болар

22 наурыз 2020

Бұл әнді көпшілік қауым білетін болар.

Өйткені хит

Ендеше қабыл алыңыздар

Орындаған: Марат Сафаров

Көше әні "ГҮЛДАНА"

 

 

Құрметті достар, бүгін Н.Жантурин атындағы Музыкалық драма театрына 17 жыл

21 наурыз 2020

Құрметті достар, бүгін Н.Жантурин атындағы Музыкалық драма театрына 17 жыл.

Барлық театр қызметкерлерін шын жүректен филармония ұжымы құттықтайды!!!

Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын. Осылай еліміздің, өлкеміздің өнер дамытып жүре беріңіздер.

Шын жүректен филармония ұжымы.

   

 

21 наурыз Халықаралық қуыршақтар театры күні

21 наурыз 2020

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

21 наурыз Халықаралық қуыршақтар театры күні.

Маңғыстау облысының қуыршақ театры ұжымын бүгінгі төл мерекесімен құттықтаймыз.

Ұжымға толағай табыс тілейміз. Халықтың қошеметіне бөленіп, көрермендеріңізді қуантып жүре беріңіздер.

Ізгі тілекпен филармония ұжымы.

 

 

 

"СЕН ТУРАЛЫ ОЙЛАНУДАН ЖАЛЫҚТЫМ"

20 наурыз 2020

Қазіргі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы уақытша онлайн режимге көшкенін қаперіңізге береміз. Сондықтан алдағы уақытта филармония әртістерінің өнерлерін парақшамыздан тамашалай аласыздар.

Ұнаса бағасын беріп, пікір қалдырыңыдар

"СЕН ТУРАЛЫ ОЙЛАНУДАН ЖАЛЫҚТЫМ"

Сөзі: Ержан Жаубай

Əні: Марат Сафаров.

Орындаған:  Марат Сафаров