Камералық ансамбльдің репертуарында қазақ композиторлары Е.Брусиловский, Латиф Хамиди,Т.Мұхамеджановтың және әлем классиктерінің шығармалары, атап айтқанда : И.Бах, Г. Гендель, А. Вивальди, В. Моцарт, М.Глинка, П. Чайковский, Д.Шостаковичтің және т.б. үздік туындылар, жалпы саны 600 ден астам шығарма бар.
Ансамбль жетістіктері
2016 жылы Алматы қаласының 1000 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әуен Fest » камералық оркестрлер фестивальіне қатысып, I – орын иеленді.