Соңғы хабарлар

17 қараша 2021

М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған концерттік бағдарлама мен Республикалық дирижерлар шеруі өтті.

16 қараша 2021

ҚР мәдениет қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Мэлс Қосымбаевтың “Дүние тұрғанша тұр, Қазақстан” атты жыр-толғау кешіне шақырамыз!

08 қараша 2021

Филармония басшысы Базарбаев Бекбол Таңатарұлы бастаған филармония өнерпаздары Ақтау әуежайынан “Отырар сазы” оркестрін ыстық ықыласпен қарсы алды.

05 қараша 2021

Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық “Отырар сазы” оркестрінің концертіне шақырамыз.

01 қараша 2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай және Мәдениет күндері аясында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі гастрольдік сапарымен Маңғыстау облысына келді.

 

 

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының Маңғыстау облыстық филармониясы

1975 жылы сәуір айында құрылған Маңғыстау облыстық филармониясы 2008 жылы 2 қазандағы № 1 320-шы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы негізінде күйші Мұрат Өскінбаевтың аты берілді.

Бүгінде өлкен өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан өнер ордасында 5 кәсіби ұжым яғни:

Абыл Тарақұлы атындағыи ұлт-аспаптар оркестрі;
«Ақжарма» ансамблі;
Кіші симфониялық оркестр;
Камералық ансамль
Би тобы қызмет етеді.
Негізгі мақсаты: жастарға эстетикалық тәрбие беру, дәстүрлі музыканы насихаттау, өлкенің классикалық саз өнерінің рухани қажеттіліктерін өтеу.