«Сәлем, Елорда» республикалық өнер фестивалі

«Сәлем, Елорда» республикалық өнер фестивалінің кезекті көрсетілімінде Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы мен Абай атындағы мәдени-демалыс кешені өнерпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны өткізіп алмаңыздар!

Көрсетілім 3 желтоқсан күні, сағат 19:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube әлеуметтік желісіндегі каналында болады.

Жарияланған күні: 2 желтоқсан 2020




Облыстық Мұрат Өскенбайұлы атындағы филармонияның 45 жылдығына арналған кітаптың Тұсаукесер рәсімі

24 желтоқсан 2020

Өңірдегі бірден-бір кәсіби өнер ордасы – облыстық Мұрат Өскенбайұлы атындағы филармонияның 45 жылдығына арналған кітаптың Тұсаукесер рәсіміне арналған салтанаты кештен көрініс...

Жарты ғасырлық мерзімді қамтитын кітаптың өмірге келуі өнерпаздардың ғана қуанышы емес, өнерсүйер барша маңғыстаулықтарға ортақ қуаныш деп білеміз!

 

Маңғыстау облыстық филармониясының 45 жылдығына арналған эстрада

17 желтоқсан 2020

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының 45 жылдығына арналған эстрада – симфониялық оркестрінің концертінен үзінді.

Концерттің қайталауы ертең сағат 19:00-де


 

Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін филармониямыздың қызметкері алғыс хаттарға ие болды

16 желтоқсан 2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымыдастырылған Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің 25 жылдық мерекелік концертінде Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен Ұлттық нақыш пен ұлттық бояуды бойына сіңіріп, жұртшылық көңілінен терең орын алған Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі марапатталды.

Осындай Алғыс хатпен Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас

 

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан 2020

Қазақстан халқы сан ғасырлар бойы бабалар армандаған азаттықты алып, аңсағанына қол жеткізген Тәуелсіздік күнін биыл 29 - рет қарсы алып отыр. Әрине, тарих үшін бұл тым қысқа, тіпті қас қағым сәт болып көрінуі де мүмкін. Әйтсе де, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде тындырған істеріміз де аз емес. Өңірге ғана емес, әлемге танылдық. Дүниедегі күллі елдермен байланыс орнатып, тереземіз барша мемлекетпен теңесті. Бұл да сол Тәуелсіздіктің жемісі. Ендеше,

 

Филармония ұжымының қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды.

15 желтоқсан 2020

Филармония ұжымының қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» орденімен: «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры Базарбаев Бекбол Таңатарұлы наградталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

 

Бүгін "Ақшағыл" этно-фольклорлық ансамблі концертінің қайталауы өтті

9 желтоқсан 2020

Бүгін "Ақшағыл" этно-фольклорлық ансамблі концертінің қайталауы өтті

Ақшағыл! Машайықтар мекені Маңғыстаудың бір тамашасы – желмен сусып жататын өркеш-өркеш құм төбелер, шағылдар. Жел үрлеген кезде бұйрат құмдар біресе сыбызғы болып сыңсиды, біресе қылқобыздай ыңыранады. Қиялың жетпес құм толқындары сезіміңді қозғайды, жан дүниеңді тербейді. Ақшағыл - Маңғыстаудың аппақ нұры, сан-ғасырлық сұлу табиғаттың болашаққа

 

«Сәлем, Елорда» республикалық өнер фестивалі

2 желтоқсан 2020

«Сәлем, Елорда» республикалық өнер фестивалінің кезекті көрсетілімінде Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы мен Абай атындағы мәдени-демалыс кешені өнерпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны өткізіп алмаңыздар!

Көрсетілім 3 желтоқсан күні, сағат 19:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube әлеуметтік желісіндегі каналында болады.

 

1 маусым-Балаларды қорғау күніне арналған Камералық ансамблдің концерті

1 маусым 2020

 

Сүгірдің термесі

1 маусым 2020

Орындаған: Филармония әншісі, Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының лауреты Әзімхан Адай.

 

Ақжарма фольклорлық ансамблі

30 мамыр 2020

Ақжарма фольклорлық ансамблі

Рүстем Бейсенұлы

"Ғасырлар тоғысында"

 

 

Бауыржан Бекмұхамбет "Алтыныма"

25 мамыр 2020

Бауыржан Бекмұхамбет "Алтыныма"

Орындағандар: М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртіс-аспапшысы Айтолқын Амангелді және Ш. Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының өнерпазы Замира Қанатбек.

 

 

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы

22 мамыр 2020

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы.

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі, дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Рахат Мадреев.

Ғарифолла Құрманғалиев "Сәлем Қазақстан"

ҚР мәдениет саласының үздіктері Асқар, Асанәлі Көшеровтер.

 

 

Филармония директоры Базарбаев Бекбол Таңатарұлының Қазақстанның

21 мамыр 2020

Филармония директоры Базарбаев Бекбол Таңатарұлының Қазақстанның өнер және мәдени қызметкерлерінің мерекесімен  құттықтауы.

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.

 

 

21 МАМЫР ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ!

20 мамыр 2020

21 МАМЫР ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ!

Қымбатты әріптестер және өнер ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болып, өнердегі жұлдыздарыңыздың биікте жарқырауына тілектеспіз!

_________

СЕГОДНЯ ДЕНЬ РАБОТНИКОВ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА КАЗАХСТАНА!

Уважаемые коллеги, от всей души поздравляем с праздником! Желаем новых профессиональных побед и

 

Бүгін халықаралық музей күні.

18 мамыр 2020

Бүгін халықаралық музей күні.

Барлық музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз

 

 

Филармония әншісі Фариза Ретбайқызының нәзік үнімен шырқалған

14 мамыр 2020

Филармония әншісі Фариза Ретбайқызының нәзік үнімен шырқалған, әсем әнін қабыл алыңыздар!

"Жақсы көру"

 

 

Ақтанның термесі Орындаған: ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Ерімбетова

12 мамыр 2020

Ақтанның термесі

Орындаған: ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Ерімбетова

Сүйемелдеген: Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі

Дирижер:  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,  "Құрмет" орденінің иегері Рахат Мадреев

 

 

"Есіңе мені алғайсың" Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі.

10 мамыр 2020

Есіңе мені алғайсың"

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

Ендеше, жан дүниеңіздің нәзік қылын шертер керемет әнді тыңдаңыз!

Орындаған: Филармония әншісі,  республикалық "Жас қанат-2013" байқауының жеңімпазы  Аида Байгелова.

Сөзі: М. Мақатаев

Әні: Елена Әбдіхалықова

Гитарада сүйемелдеген: Рафхат Ізден

 

 

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртіс-аспапшысы Жанна Қоңырбаева

9 мамыр 2020

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртіс-аспапшысы Жанна Қоңырбаева бастаған баяншылар тобының Ұлы Жеңістің 75-ші көктемімен құттықтауы...

Халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылатын мәртебелі мейрам құтты болсын!

Қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

 

 

Жеңіс, Жеңіс күні, арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналған күн!

8 мамыр 2020

Жеңіс, Жеңіс күні, арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналған күн!  Жеңіс, жеңіс күні, адалдықпен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен бабаларымыздың рухы алдында бас иіп, тағзым ететін күн! Егеменді еліміз барда Ерлер есімі біздің лүпілдеген жүрегімізде, шырқалар әніміз бен жырымызда!

 

 

Армиямыздың айбынын асқақтатар сардарлар мен сарбаздарымызды мерекемен құттықтаймыз!

7 мамыр 2020

Армиямыздың айбынын асқақтатар сардарлар мен сарбаздарымызды мерекемен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қарулы күштеріміздің қуаты нығайып, туымыз көкте желбіреп, даңқы арта берсін! Елім, жерім деген қазақ елінің жігіттері жасасын!

 

 

"Каспий - достық теңізі" Қадірлі қазақ елі, құрметті маңғыстаулықтар!

30 сәуір 2020

"Каспий - достық теңізі"

Қадірлі қазақ елі, құрметті маңғыстаулықтар! Сіздерді татулық пен келісімнің  нұрына малынған  1 мамыр Қазақстан Халқы Бірлігі мерекесімен  құттықтаймыз! Еліміздегі ұлт аралық татулық, достық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы әншілерінің әсем әнін қабыл алыңыздар!

 

 

"Өрен" күйі Маңғыстау филармониясына есімі берілген Мұрат Өскінбайұлының

28 сәуір 2020

"Өрен" күйі

Маңғыстау филармониясына есімі берілген Мұрат Өскінбайұлының халыққа кең таралған күйлерінің бірі.

Орындаған: Абыл Тaрақұлы атындағы қазақ оркестрі

Дирижері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Рахат Мадреев.

 

 

Біздің ұжым өткізіп жатқан онлайн концертке ақпараттық қолдау көрсеткен "AQTAU"

27 сәуір 2020

Біздің ұжым өткізіп жатқан онлайн концертке ақпараттық қолдау көрсеткен "AQTAU" телеарнасына алғыс білдіреміз!

@aqtautv