27 мамыр күні болған ағайынды Муслим, Ришат Абдулиндердің 105 жылдығына арналған «Абыл Тарақұлы» атындағы қазақ оркестрінің «Атамекен» атты әншілер шеруінен үзінді


 


Жарияланған күні: 28 мамыр 2021




“Жорға” би ұжымының “БИ САНДЫҒЫ” атты ән-би кешіне шақырады!

10 маусым 2021

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының

“Жорға” би ұжымының

“БИ САНДЫҒЫ” атты ән-би кешіне шақырады!

Көркемдік жетекшісі Айнұр Сариева

14-15 маусым, сағат: 19:00

Билеттер филармония кассасында.

Байланыс тел: 8701 333 63 99

 

 

"Жаңарған Жаңаөзен" жобасы аясында өткен концерттен үзінді

6 маусым 2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жаңарған Жаңаөзен" жобасы аясында  М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы ​өнерпаздарының Жаңаөзен қаласында  өткен концертінен үзінді

@aqshagyl_ensemble_aktau

@jiger_bekturganov

 

 

Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

4 маусым 2021

Құрметті қазақ елі!

Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!

М.Өскінбаев “Қазақстан”

Орындаған: Еркебұлан Соңғыбаев

 

 

27 мамыр күні болған ағайынды Муслим, Ришат Абдулиндердің 105 жылдығына арналған «Абыл Тарақұлы» атындағы қазақ оркестрінің «Атамекен» атты әншілер шеруінен үзінді

28 мамыр 2021


 

 

Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің “Атамекен” атты әншілер шеруінің концертіне шақырамыз.

24 мамыр 2021

Ақтау қаласының тұрғындары және қала қонақтары

Сіздерді Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің

“Атамекен” атты әншілер шеруінің концертіне шақырамыз.

27.05.2021

Сағат: 19:00

Билеттер филармония кассасында.

Байланыс телефондары:  52-17-47;

8701 387 53 10

 

 

Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

21 мамыр 2021

Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты.

Баршаңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын!

Мереке құтты болсын!!!

 

 

Маңғыстаулық кәсіби және әуесқой композиторлардың әндері мен шығармалары орындалатын Ақжарма фольклорлық ансамблінің бүгінгі кешінен қалыс қалмаңыздар!

19 мамыр 2021

 

“Live Band AQSHAGALA” концертіне шақырамыз.

15 мамыр 2021

ҚҰРМЕТТІ КӨРЕРМЕНДЕР!

Сіздерге жақсы жаңалық!

18 мамыр, сағат 19:00-де

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония сахнасында өтетін

“Live Band AQSHAGALA” концертіне шақырамыз.

Билеттер филармония кассасында.

Кіру “Ashyq” мобильді қосымшасы арқылы.

 

 

"Соғыстан соңғы ән" - Бауыржан Ретбаев

9 мамыр 2021

"Соғыстан соңғы ән" -  Бауыржан Ретбаев

Биыл – Ұлы Жеңіске 76 жыл. Майдан даласы мен тылдағы ардагерлердің жанқиярлық ерлігі – біздер үшін үлгі-өнеге. Жауынгер аға ұрпақ қол жеткізген жеңістің арқасында бүгінде біз ашық аспан астында еркін өмір сүрудеміз. Еліміздің аспаны ашық, тұғыры биік, болашағы баянды болсын!

 

 

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

8 мамыр 2021

Құрметті қазақ елі!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жеңіс күні бейбіт өмір сүріп жатқан әр ұрпақ үшін қасиетті мереке.

Азаттық үшін айқасқан ата-бабалар ерлігі ешқашан ұмыт қалмайды.

Олардың есімі Ұлы Жеңіс тарихында алтын әріптермен жазулы.

Давид Тухманов "День победы"

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы,

Кіші Симфониялық оркестрі Дирижер: Мәдениет саласының үздігі Әділ

 

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

7 мамыр 2021

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, мемлекетіміздің іргесі мығым болғай!

Ұрпақтың тыныш ұйқысы мен алаңсыз күлкісіне қорған, Туымызды көкке көтерер айбынды ерлеріміздің абыройы асқақ болсын!

 

 

Филармониямыздың YouTube-каналынан «Дәстүрлі өнерімді тербеймін тал бесікте» атты дәстүрлі ән-жыр кешін көріңіздер.

2 мамыр 2021


 

 

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр 2021

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың  ынтымақтастығы мен өзара ауызбіршілігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып,  достық, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

 

Облыстық Мұрат Өскенбайұлы атындағы филармонияның 45 жылдығына арналған кітаптың Тұсаукесер рәсімі

24 желтоқсан 2020

Өңірдегі бірден-бір кәсіби өнер ордасы – облыстық Мұрат Өскенбайұлы атындағы филармонияның 45 жылдығына арналған кітаптың Тұсаукесер рәсіміне арналған салтанаты кештен көрініс...

Жарты ғасырлық мерзімді қамтитын кітаптың өмірге келуі өнерпаздардың ғана қуанышы емес, өнерсүйер барша маңғыстаулықтарға ортақ қуаныш деп білеміз!

 

Маңғыстау облыстық филармониясының 45 жылдығына арналған эстрада

17 желтоқсан 2020

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының 45 жылдығына арналған эстрада – симфониялық оркестрінің концертінен үзінді.

Концерттің қайталауы ертең сағат 19:00-де


 

Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін филармониямыздың қызметкері алғыс хаттарға ие болды

16 желтоқсан 2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымыдастырылған Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің 25 жылдық мерекелік концертінде Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен Ұлттық нақыш пен ұлттық бояуды бойына сіңіріп, жұртшылық көңілінен терең орын алған Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі марапатталды.

Осындай Алғыс хатпен Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас

 

Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан 2020

Қазақстан халқы сан ғасырлар бойы бабалар армандаған азаттықты алып, аңсағанына қол жеткізген Тәуелсіздік күнін биыл 29 - рет қарсы алып отыр. Әрине, тарих үшін бұл тым қысқа, тіпті қас қағым сәт болып көрінуі де мүмкін. Әйтсе де, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде тындырған істеріміз де аз емес. Өңірге ғана емес, әлемге танылдық. Дүниедегі күллі елдермен байланыс орнатып, тереземіз барша мемлекетпен теңесті. Бұл да сол Тәуелсіздіктің жемісі. Ендеше,

 

Филармония ұжымының қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды.

15 желтоқсан 2020

Филармония ұжымының қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» орденімен: «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры Базарбаев Бекбол Таңатарұлы наградталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

 

Бүгін "Ақшағыл" этно-фольклорлық ансамблі концертінің қайталауы өтті

9 желтоқсан 2020

Бүгін "Ақшағыл" этно-фольклорлық ансамблі концертінің қайталауы өтті

Ақшағыл! Машайықтар мекені Маңғыстаудың бір тамашасы – желмен сусып жататын өркеш-өркеш құм төбелер, шағылдар. Жел үрлеген кезде бұйрат құмдар біресе сыбызғы болып сыңсиды, біресе қылқобыздай ыңыранады. Қиялың жетпес құм толқындары сезіміңді қозғайды, жан дүниеңді тербейді. Ақшағыл - Маңғыстаудың аппақ нұры, сан-ғасырлық сұлу табиғаттың болашаққа

 

«Сәлем, Елорда» республикалық өнер фестивалі

2 желтоқсан 2020

«Сәлем, Елорда» республикалық өнер фестивалінің кезекті көрсетілімінде Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы мен Абай атындағы мәдени-демалыс кешені өнерпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны өткізіп алмаңыздар!

Көрсетілім 3 желтоқсан күні, сағат 19:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube әлеуметтік желісіндегі каналында болады.

 

1 маусым-Балаларды қорғау күніне арналған Камералық ансамблдің концерті

1 маусым 2020

 

Сүгірдің термесі

1 маусым 2020

Орындаған: Филармония әншісі, Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының лауреты Әзімхан Адай.

 

Ақжарма фольклорлық ансамблі

30 мамыр 2020

Ақжарма фольклорлық ансамблі

Рүстем Бейсенұлы

"Ғасырлар тоғысында"

 

 

Бауыржан Бекмұхамбет "Алтыныма"

25 мамыр 2020

Бауыржан Бекмұхамбет "Алтыныма"

Орындағандар: М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің әртіс-аспапшысы Айтолқын Амангелді және Ш. Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының өнерпазы Замира Қанатбек.