ҚР “Мәдениет қайраткері”, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, Шымкент қалалық опера және балет театрының жетекші солисі Үрәлхан Сейлбекова мен Халықаралық байқаулардың лауреаты, “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері опера әншісі Ерлан Жандарбай классикалық музыка сүйер көрерменге ерекше кеш сыйлады. Концертте Маңғыстау филармониянысының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен үздік классикалық әндер шырқалды.